Тұрмыстық қылмыстардың шамамен 70%-ы маскүнемдер тарапынан жасалады – Қасымов

25 қыркүйек, 2018, 11:51 1478 Астана
Тұрмыстық қылмыстардың шамамен 70%-ы маскүнемдер тарапынан жасалады – Қасымов

Министрдің айтуынша, мұндай қылмыс саны екі өңірде артқан.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет отырысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Елімізде көптеген қылмыс түрлері төмендеді. Аса ауыр, ауыр, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс түрлерінің саны азайды. Оның ішінде ұрлық, тонау, бұзақылық, зорлау және басқа да қылмыстар, бұрын сотталғандар жасаған және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар азайды. Қоғамдық орындардағы қылмыс, оның ішінде көшелерде мас күйінде жасалған қылмыстар төмендеді. Осы және басқа да жағымды өзгерістер бұл министрліктің жергілікті полицияның әкімдіктермен бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі. Бұл – құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары. Мұның бәріне жергілікті полиция жауапты", - деді министр.

Оның айтуынша елімізде отбасында жасалтын қылмыс саны азаймай отыр.

"Өңірлерде көбінесе қылмыстар тұрмыста, мас күйде және бұрын қылмыс жасағандар тарапынан орын алады. Жалпы еліміз бойынша отбасындағы қылмыс 46%-ға өсті. Атап айтсақ, ШҚО-да 3 есеге, Түркістан облысы 2,5 есеге, БҚО-да 83%-ға, Қарағандыда 40%-ға, Қостанайда 28%-ға артқан. Масан күйде жасалған қылмыстар саны елімізде екі өңірде өскен: Астанада 22%, Маңыстау облысында 15%", - деп атап өтті Қасымов.

Ол жалпы еліміз бойынша бұрын сотталған азаматтар жасаған қылмыстар саны қысқарып келе жатқанын атап өтті. Биыл бұрын сотталғандар 4 мыңнан астам қылмыс жасаған.

"Осының бәрі учаскелік полицей инспекторлардың міндетіне жатады. Соңғы уақытта қылмыстың алдын алу жұмыстары бойынша олардың рөлі төмендеп бара жатыр. Ауыр қылмыстардың 60-70%-ы көбінесе тұрмыстық салада маскүнемдер тарапынан жасалады. Қазіргі таңда 70 мыңға жуық маскүнем полиция және денсаулық сақтау орындарының бақылауында. Елімізде маскүнемдерді емдеу орталықтарының саны жетіспейді. Өткен жылы осы ұйымдарға 5300 адам жолданған. Соның 1000 астамы емдеуден өтпеген, себебі төсек орындары жетіспеген. Учаскелік инспекторлар қолайсыз отбасылармен нақты жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты осы салада ауыр қылмыстар саны азаймай отыр. Әрине, учаскелік инспекторлардың қызметінде кемшіліктер бар. Бірақ, шынын айтсақ, олардың бәріне бірдей жұмыс жағдайы жасалмаған. Мысалы, бүгінгі таңда учаскелік полиция пункттері жеткіліксіз. Қосымша 440 пункт салыну керек. Ал 1500 пункті күрделі жөндеу жүргізілуі қажет", - деді Ішкі істер министрі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: