ТЖД балаларға көктемде мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін ескертті - Жаңалықтар | BNews

ТЖД балаларға көктемде мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін ескертті

22 наурыз, 2018, 14:09 4040 Астана
ТЖД балаларға көктемде мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін ескертті

Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мұз қабаты жұқарғандықтан, оның үстінде жүру қауіпті екенін айтуда.

Астана қаласында белсенді түрде су тасқынына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Брифингке қатысқан Астана қаласы ТЖД-нің төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы ата-аналарды көктемгі демалыс кезінде балалардың Есіл өзінде ойнамауын қадағалауды ескертті. Өзен мұзы жұқарған. Балалар туындаған қауіпті ескеріп, болған жағдайда тиісті әрекет жасай алмай қалуы мүмкін. Жалпы көктемде мұз үстіне шығу өте қауіпті.

"Қазіргі кезде өзен мұзы бір жерде қалың, бір жерде жұқа. Астыңғы жағынан су шаю арқылы мұз жұқарған. Сол себепті әсіресе көктемгі демалыс кезінде балалардың мұз үстіне шықпауын қадағалаған жөн. Ойын баласына абай болыңыздар", - деді Еркін Отарғалымұлы.                                         

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар