ҰБТ-ның алғашқы күнінде түлектерден 22 мың тыйым салынған зат табылды

21 маусым, 2017, 14:47 439
ҰБТ-ның алғашқы күнінде түлектерден 22 мың тыйым салынған зат табылды

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күніне қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Вnews.kz.

16468 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 15862 (96,3%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -12633, орыс тілінде – 3229 адам. ҰБТ 42 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.

«Тәртіп бұзғаны үшін, 3 адам аудиторияларынан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 22696 тыйым салынған заттар алынды»,- деп жазылған хабарламада.

Орташа балл – 75,53. Биылғы жылы ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 - қазақ тілінде және 23618 - орыс тілінде.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #ҰБТ #Білім және ғылым министрлігі

Читайте также

Похожие новости