Үйінен кетіп қалған қыз Astra bus көлік картасы арқылы табылды

08 тамыз, 2018, 12:36 1859 Ақмола облысы
Үйінен кетіп қалған қыз Astra bus көлік картасы арқылы табылды

Кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала ата-анасымен ұрсысып қалған соң, ешкімге ескертпестен кетіп қалған.

16 жасар қыз ата-анасымен ұрсысып қалып, ешкімге ескертпестен үйінен кетіп қалған. Ақмола облысының полиция қызметкерлері қыз бала Astra bus көлік картасын қолданған кезде оның тұрған жерін анықтаған, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақмола облысы Целинаград ауданы Қосшы ауылдық округінде тұратын қыз 3 тамыз күні ата-анасына ескертпестен, Астанаға кетіп қалғаны хабарланды. Оның елордадағы тұрған жерін криминалдық полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған қыз Astra bus көлік картасын қолданған кезде анықтаған.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде қыздың қалааралық бағытта қатынайтын Астана-Шымкент автобусына отырғаны белгілі болды. Кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала Шымкентке жеткеннен кейін өзінің танысына қоңырау шалып, одан өзін күтіп алуын және қалада тұратын туысына жеткізіп салуын сұраған. Целинаград аудандық ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі Жарас Қапаров бірден қоңырау шалынған абоненттік нөмір иесінің тұрған орнын анықтау жөнінде сұраныс жасаған.

Полицияда қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған қыз Шымкентте анасымен бірге екенін атап өтті. Жасөспірім қыз және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар