Үкімет басшысы Ақтөбеде "7-20-25" аясындағы тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты

13 шілде, 2018, 13:33 2593 Ақтөбе облысы
Үкімет басшысы Ақтөбеде

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өңірдің құрылыс индустриясының жоғары әлеуетіне ие екенін айтты.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысына келді. Үкімет басшысы Ақтөбе қаласында "7-20-25" бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жұмыс сапарының мақсаты – Қазақстан Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік", "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауларының, Бес әлеуметтік бастамасының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу.

Ақтөбе қаласында Бақытжан Сағынтаев "Нұр Ақтөбе" шағын ауданының мысалында "Нұрлы жер" және Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясындағы жаңа ипотекалық бағдарлама – "7-20-25" бағдарламалары бойынша тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты.

Нысандарды тексеру барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің құрылыс индустриясының жоғары әлеуетіне ие екенін айтты.

"Бүгінгі таңда 130-дан астам құрылыс кәсіпорындары жұмыс істейді, олар жергілікті жұмыс күшімен мен құрылыс саласының мамандарымен толығымен қамтамасыз етілген, құрылыс саласында пайдаланылатын 39 қазба кен орны бар. Осының арқасында біз нарық сұраныстарын өзіміздің құрылыс материалдарымызбен 85%-ға қамтамасыз еттік. Биыл 15 мың жер телімін бөлуді жоспарлап отырмыз, оның 11 мыңы – Ақтөбе қаласына жақын маңда болады", - деді Бердібек Сапарбаев.

Әкім орынбасарының айтуынша, Үкіметтің қолдауымен, облыста осымен екінші жыл қатарынан тез салынатын несиелік тұрғын үйлер құрылысы бойынша "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы табысты іске асырылып жатыр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2300-ден астам пәтер пайдалануға берілді. Биыл шамамен 36 аз қабатты және 6 тоғыз қабатты несиелік тұрғын үйлер немесе жалпы ауданы 158,0 мың м2 құрайтын 2500-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан өзге, "7-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасын қабылдаудың арқасында халықтың барлық санаттары жаңа тұрғын үйді өте икемді шарттармен сатып алуға мүмкіндік алады.

Статистика комитетінің алдын-ала деректері бойынша, Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция немесе 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 128,4% бағытталды. 5,8 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,8% құрайды. Республика бойынша барлығы 49 667 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532-сі жеке үйлер.

Келесі нысан Энергия тиімділігі орталығы болды, онда Премьер-министр өңірде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының және Мемлекет басшысының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауының оныншы міндетінің іске асырылу барысымен танысты.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Жолдауында "ақылды ұлт" үшін "ақылды қалалар" құруды тапсырған болатын. Президент айқындап бергендей, "ақылды қалалар" өңірлік дамудың, инновацияларды таратудың және бүкіл ел аумағында өмір сүру сапасын арттырудың локомотивіне айналады. Ақтөбе Smart City жобасы іске асырылып жатқан еліміздегі бес қаланың бірі. Жаңа технологиялардың енгізілуі өсіп келе жатқан қалалар проблемасын тиімді шешіп, инвесторлар үшін олардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылысы аяқталып қалған Орталық ғимаратын аралау кезінде Бақытжан Сағынтаевқа қаланың орталық диспетчерлік қызметінің, ІІД оперативті басқару орталығының, смарт-ТКШ, геопортал мен халық канцеляриясының жұмыс жүйелері таныстырылды. Аталған қызметтердің барлығы Smart City жобасының құрауыштары болып табылады және Энергия тиімділігі орталығында орналастырылатын болады. Мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін барлық коммуналдық қызметтерді үнемдеуді қамтамасыз ету. Алғашқы болып сынақ мерзіміне Орталыққа "Нұр Ақтөбе" шағын ауданындағы "Қарғалы" тұрғын үй алабының №4 үйі қосылды. Біртіндеп Орталықпен басқа да шағын аудандар байланыстырылатын болады.

Нысанды аралап көрген соң Ақтөбе қаласының әкімі І. Испанов Премьер-министрге Smart City жобасын ілгерілету туралы айтып берді, жобаны 2020 жылға дейін "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында алты бағыт бойынша іске асыру көзделіп отыр: қауіпсіз қала, "ақылды" тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, білім, медицина, интеллектуалды көлік жүйесі, электронды әкімдік. Сонымен қатар, қазіргі таңда "Қауіпсіз қала" аппараттық-бағдарламалық кешенін құру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

"Биыл 140 қоғамдық қауіпсіздік камерасын, 15 желілік учаскелерді фотоға түсіру жүйелерін, 14 интеллектуалды қиылысты орнату жоспарланған. Болашақта "Қауіпсіз қала" барлық камераларды біріктіруге, сонымен қатар басқа ұйымдар мен жеке бизнестің камераларын біріктіруді қамтамасыз етеді", - деді І. Испанов.

Өз кезегінде, облыс әкімінің орынбасары Қ. Бекенов өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім және денсаулық салаларында "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

ҚР Премьер-министрі облыс орталығын аралауды жалғастырады. Ақтөбе облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау және облыс активімен өңір экономикасын жаңғыртудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізу жоспарланған.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысында индустриялық нысандарды аралап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай іске асырылып жатқанымен танысты. Жұмыс сапары Мұғалжар ауданынының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралаудан, атап айтқанда, Жаңажол вахталық кентінің дамуымен танысудан басталды. Премьер-министрге газ өңдеу зауытында табиғи ілеспе газды өңдеудің автоматтандырылған процесі көрсетілді, осы жерде Алтынды ауылындағы "Altyn EX" ЖШС тау-кен байыту комбинатының және Жаңа таң ауылындағы "Газ процессинг компани" ЖШС газ өңдеу зауыты құрылысының макеттік нұсқалары таныстырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: