Үкімет қаулысымен ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

Написать нам
09 қазан, 2018, 09:55 2015 Астана
Үкімет қаулысымен ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

Бұған дейін аталған қызметті атқарған Бақытжан Жақсалиев лауазымынан босатылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Анатолий Валерьевич Шкарупа ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Бақытжан Жақсалиев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы – КАЗГЮУ университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1998 жылы "KEGOK" ААҚ-да жетекші маман болып бастады, онда 2005 жылға дейін бөлім басшысы, Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

2005-2013 жылдары Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі құрылымында жұмыс істеді. Электр және жылу энергетикасы саласында реттеу департаменті директоры, Агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.  

2013-2104 жылдары – "ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасы.

2015-2017 жылдары – Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі.

2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар