Үкімет Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді орындауға кірісті

09 қазан, 2018, 11:43 1160 Астана
Үкімет Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді орындауға кірісті

ҚР Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі жақсарту және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматын қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйелерімен қамтамасыз етуді көздейтін Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасы қабылданатын болады", - деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің сөзінше, соттардың жұмыс істеуінің заманауи форматын және озық электронды сервистерді енгізу артық сот рәсімдерін қысқарту арқылы сот жүйесін жаңғырту одан әрі жалғасатын болады. Сондай-ақ, ол азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік ақпарат атты төртінші міндет аясында 19 іс-шара көзделгенін атап өтті.

"Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін адамдарға түсіндіруді көздейтін "Жаңа формацияның басшысы" мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады. Басшы лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерді арнайы қайта даярлау курстарына, жеке сектордың үздік жеке компанияларға жұмыс тәжірибесі бар және білікті жетекші университеттерде білім алған мамандар тартылатын болады", - деді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, ол еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу үшін бюджеттік шығыстарды, оның ішінде ведомстволық бағынышты ұйымдардың шығыстарын оңтайландыру мен үнемдеуді бақылау қамтамасыз етілетінін айтты.

"Тиімді сыртқы саясат деген бесінші міндет шеңберінде сыртқы саясатты қазіргі жағдайларға бейімдеу және ұлттық мүддені прагматизм қайраттарында ілгерілету бойынша шаралар қабылданатын болады. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі үдерістеріне атсалысу алтыншы міндет шеңберінде 6 іс-шара көзделген. Атап айтқанда, жаңа мазмұнды және бағыттарды көздейтін "Рухани жаңғыру" бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі", - деді Тимур Сүлейменов.

Баяндамасында Ұлттық экономика министрі Жастар жылын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары да әзірленетінін мәлім етті.

"Ағымдағы жылы жастардың барлық санатын қолдау шараларын көздейтін Жастар жылын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Әскери-патриоттық тәрбие рөлін күшейту үшін "Сарбаз балалар-жасөспірімдер" бірлестігі құрылады. Жалпы алғанда, жалпыұлттық жоспарды уақытылы орындау Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жасқартуға бағытталған Жолдауында берген тапсырмаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге және әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізін қалауға мүмкіндік береді", - деп сөзін қорытындылады министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: