Үкімет үйінде аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды - Жаңалықтар | BNews

Үкімет үйінде аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

27 ақпан, 09:54 663 Астана
Үкімет үйінде аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Президент Жолдауын іске асыру аясында аграрлық ғылымды дамыту жөнінде кеңес өткізді.

 

Қазақстан Үкіметінде  Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты халыққа Жолдауын орындау аясында аграрлық ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеңес барысында АӨК саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру мәселелері, аграрлық университеттердің рөлі және ҒЗИ даму перспективалары талқыланды. Бұдан өзге, жаңа технологияларды трансферттеу және отандық шарттарға бейімделу, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді ортақ қаржыландыруға бизнесті тартуда қолға алынып жатқан шаралар қаралды. 

Кеңеске қатысушылар аталған бағыттағы ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыс жоспарын қарастырды.

Аграрлық ғылымды дамыту, білім беру бағдарламаларын жаңғырту және АӨК цифрландырудағы ЖОО-лардың рөлін күшейту туралы өз бағыттары бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т. Есполов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры А. Күрішбаев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры А. Наметов, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Ғ. Қалиев сөз сөйледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары