Үкімет үйінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

14 шілде, 2018, 20:16 2381 Астана
Үкімет үйінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

Денсаулық сақтау саласында осы жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша 73 нысан құрылысы, 46 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңес барысында жаңа экономика талаптарына сәйкес еңбек нарығын дамыту, денсаулық сақтау, өнімді жұмыспен қамту бойынша І жарты жылдықтың алдын ала есебі мен 2018 жылғы жоспарлар тыңдалды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бәсекелестікті және жеке медицинаны дамыту, дәрі-дәрмек нарығын, медициналық туризмді және импортты алмастыруды арттыру, негізгі аурулардың ауыртпалығын төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру туралы баяндады.

Денсаулық сақтау саласында осы жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша 73 нысан құрылысы, 46 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары, 4 нысанда реконструкциялау, сондай-ақ жабдықтарды жаңарту және сатып алу жұмыстары басталды. Тексертулерді қысқартуға, субъектілердің қызметіне лауазымды тұлғалардың араласуына жағдай жасау арқылы бизнеске көрсетілетін қысымды төмендету үшін 13 бақылау және қадағалау функциялары шектелді. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін емханаларда 209 цифрлық пост құрылды, республиканың барлық өңірлерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің озық тәжірибелерінің орталықтары ашылды және 118 медициналық ұйымда ауруларды емдеу бағдарламасы енгізілді.

Нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова еңбек ресурстарының ағынын жоспарлау, болжау және басқару, кадрларды дайындау және қайта даярлау, халықты өнімді жұмыспен қамтуға тарту және еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтып берді.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларымен 290 мың жұмыссыз және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қамтылды, олардың ішінде 243 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 158 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Электрондық еңбек биржасы еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылды, соның арқасында 160 мың адам жұмысқа орналасты, 45 жеке жұмыспен қамту агенттігі қосылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар