Үкімет үйінде ҚР мен ҚХР арасындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

22 қазан, 2018, 15:15 1576 Астана
Үкімет үйінде ҚР мен ҚХР арасындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы ҚХР елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді.

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы өнеркәсіп, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ, экономиканың түрлі салалары мен жоғары технологиялар саласында бірлескен жаңа және қазіргі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, ҚР мен ҚХР арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жаңа драйверіне айналған, "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты мен "Бір белдеу, бір жол" стратегиясының түйіндесуі аясындағы өзара іс-қимыл тақырыптары қаралды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 3 қаңтарда орнаған. 2017 жылы Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесіне айналды. ҚР-ның басқа елдермен тауар айналымының жалпы көлемінде ҚХР үлесі 17,4% құрады (экспорт – 13,4%, импорт – 27,5%). Осы жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы $7251,2 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,3% жоғары. Экспорт 5,9% өсіп, $3753,7 млн құрады. Импорт $3498,2 млн құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар