Үкімет үйінде шикізаттық емес экспортты қолдауды күшейту шаралары талқыланды

12 желтоқсан, 2018, 18:25 1715
Үкімет үйінде шикізаттық емес экспортты қолдауды күшейту шаралары талқыланды

Атап айтқанда, жаңа экспорттық позицияларды құру, "дәстүрлі" нарықтарда қазақстандық тауарларды кеңейту, кәсіпорындарды қаржылық және сервистік қолдау тәсілдері қаралды.

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экспорттық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz

Отырыс барысында шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдаудың жүйелік шараларын күшейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жаңа экспорттық позицияларды құру, "дәстүрлі" нарықтарда (Қытай, Ресей, Өзбекстан және т.б.) қазақстандық тауарлардың болуын кеңейту, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарына шығу мақсатында кәсіпорындарды қаржылық және сервистік қолдау тәсілдері қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. Мәселені талқылауға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қаржы министрі Әлихан Смайылов, "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, "KazakhExport" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ысқақов, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысты.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің деректеріне сәйкес, 2013 жылдан бастап жалпы экспорт көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі экспортының үлесі 9%-ға (23%-дан 32%-ға дейін) өсті. Биылғы 9 айда $44,5 млрд сомасына өнім экспортталды (2017 жылғы қаңтар–қыркүйектегі көрсеткіштер - $34,5 млрд). Жалпы алғанда экспорт қоржыны 800 тауар позициясынан тұрады. Бүгінде қазақстандық өнім әлемнің 123 еліне экспортталады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #экспорт #Бақытжан Сағынтаев #Жеңіс Қасымбек

Читайте также

Похожие новости