Үкіметте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелері қаралды - Жаңалықтар | BNews

Үкіметте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелері қаралды

10 сәуір, 15:05 1703 Астана
Үкіметте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелері қаралды

ШҚО-да 168 жоба, Қарағанды облысында-106 жоба іске асырылуда.

Қазақстан Республикасының Премьер-минстрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында Министрлер кабинетінің Мемлекеттік - жекеменшік серіктестік туралы қабылдаған нормативтік шешімдері  тұрақты болу керектігін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Аймақ басшыларының есебін тыңдай келе Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жұмысы аймақтарда ақырын жылжып келе жатқанын айтты.

"Шығыс Қазақстанда 168 жоба, Қарағанды облысында – 105 жоба, Ақтөбе облысында да жобалардың саны аз емес, бұл алдыңғы қатардағы аймақтар. Аймақ басшылары есеп берді, алайда ешкім неліктен жұмыс саябырлап кеткенін айтпады. Мүмкін бір кедергілер бар шығар. Бюджет қаржысын игерумен байланысы болуы мүмкін. Осыған назар аударуларыңызды сұраймын, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда", - деді Премьер-министр.

Премьер–министр Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастама аясындағы студенттік жатақхана құрылысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестікпен бірлесе атқару керектігін айтты.  

"Осы мәселеге назар аудару керек, Ерболат Әскербекұлы, осыны бірлесе қарастырып, тиісті  жалпы шешім қабылдауыңызды сұраймын.  Біздің қабылданған барлық шешімдер нормативтерге қатысты тұрақты болуы керек, біз кәсіпкерлерді тартамыз да, кейіннен тарифтерді өзгертеміз. Бұл дұрыс емес, бұл банкротқа әкелуі мүмкін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жұмысын әкімдіктермен берлесе бақылап шығуды тапсырды. Осы орайда Премьер-министр әлеуметтік саладағы құрылыс жұмыстарының 50%-дан астамы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асырылып, ол бюджет шығындарын қысқартуға көмегін тигізіп жатқанын айтты. Сағынтаев сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек пен Қанат Бозымбаевқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің тұрғын үй-коммуналдық сектордағы жұмысына қолдау көрсетуді тапсырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары