Ұлыбританиядан келген ұстаздар баянауылдық оқушыларға веб-сайт жасауды үйретті

14 қаңтар, 2019, 11:14 1563
Ұлыбританиядан келген ұстаздар баянауылдық оқушыларға веб-сайт жасауды үйретті

Еріктілер 6-7 сынып оқушыларына информатикалық бағдарламалаудың түрлерін таныстырып, тәжірибелік жұмыстарды үйретті.

Елбасының "Туған жерге тағзым" бағдарламасы аясында Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінде "Болашақ заманның программистері" атты жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Тілеубаеваның айтуынша, аталмыш курс 2018 жылдың 26 желтоқсанынан 4 қаңтарға дейінгі аралықта ауыл мектептеріндегі талантты балаларды дамыған елдердегі бағдарламаларды меңгеруге баулу мақсатында Англиядағы Уорвик Оксфорт университетінің түлегі әрі доктор дәрежелі қызметкері, осы мектептің түлегі Торғын Шайхинаның жетекшілік етуімен ұйымдастырылды.

Ұлыбританиядан келген ұстаздар Kate пен David Scraten бағдарламасы арқылы анимация, ойын, ертегі  және Sublime text бағдарламасымен веб-сайт жасауды үйретті. 

"2016 жылы Торғынның ұйымдастыруымен мектебімізге еріктілер келіп, Назарбаев университетінің қолдауымен пилоттық режим ретінде ауданның сегіз мектебінің оқушыларына осы бағдарлама бойынша курс өткізген болатын. Курс соңында мектебімізге 15 ноутбук табыстап кетті. Аталған жұмыстар балалардың білімдерін тереңдетуде маңызы зор болды. Еріктілер 6-7 сынып оқушыларына информатикалық бағдарламалаудың түрлерін таныстырып, тәжірибелік жұмыстарды үйретті. Оның ішінде электронды құттықтау посттері, белгілі бір тақырыпта тест, сайт жасау, компьютерлік ойындар құрастыру бар. Оқушылар жасалған жобаларын ағылшын тілінде ата-аналар мен аталған бағдарламаның мамандарына таныстырды", - деді Динара Тілеубева.

Бағдарламалауды үйрену үшін дамып жатқан елдердегі ауыл мектептерінен жас дарынды ұрпақты шабыттандыру мақсатында құрылған жобаға Уорвик университетінің түлегі, Лондон қаласы, медиа компаниясының жобалық менеджері Кейт Хитвард және Уорвик қаласы, Ягуар-Лэнд-Ровер көлігін құрастыру компаниясының көлік-инжинері Азпироз Дэвид үлес қосқан. Курс соңында әр қатысушы оқушыға сертификаттар табысталды.

"Балалардың ауылдық жерде тұрып, шет елден келген ұстаздардан тегін тәлім алғаны үлкен қуаныш. Барлық сабақтар ағылшын тілінде өтті. Екі айдың ішінде балалар мектепке ерекше қызығушылықпен барып, ағылшынша сөйледі, компьютердің соңғы үлгідегі бағдарламаларын игеріп алды. Туған жерін, мектебін ұмытпай, артынан еріп келе жатқан болашақ ұрпаққа өз білгенін үйреткені үшін Торғын Шайхинаға алғысымыз шексіз", - деп ата-аналардың атынан Камшат Жұмабаева алғысын білдіреді.

Айта кетерлігі, курсты ұйымдастырушы алдағы уақытта үш пәннен, яғни информатика, физика, математикадан оқушылар арасында мектепішілік пәндер олимпиадасын өткізуді жоспарлап отыр және демеуші ретінде жүлделі орынға 100 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#балалар #жоба

Читайте также

Похожие новости