Ұлытауда "Жезкиік" халықаралық музыка фестивалі өтіп жатыр

Написать нам
12 шілде, 2018, 19:34 3167 Қарағанды облысы
Ұлытауда

Музыка фестивальдің алғашқы қатысушылары Ұлытауға келді.

Ұлытауда "Жезкиік" І халықаралық музыка фестивалі өтіп жатыр. Бұл ерекше музыкалық шараның қонақтары бүгін фестивальдің өтетін жеріне келіп, баспасөз мәслихатын өткізді. "Жезкиік" музыкалық шарасы "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының "Қазақстанның киелі жерлері" жобасы және "Туған жер" арнайы бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін фестивальге қатысуға келген музыкалық ұжымдар мен ұйымдастырушылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында фестиваль қатысушыларының менеджері Наринэ Григорян бұған дейін өзінің Орталық Азияда үш рет осы секілді фестивальдер ұйымдастырғанын айтып өтті.

"Осы секілді фестиваль сіздерде бірінші рет өткізіліп жатқанына қарамастан, ол өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Және ол барлығымызды қуантады. Осыған дейін мен Орталық Азияда үш рет осы секілді фестивальдер ұйымдастырған болатынмын. Олардың барлығында қазақстандық топтар ең үздіктер қатарында болды. Сондықтан мен осы шараға басқа елдің ұжымдарын қуана алып келіп, олардың өнерін ортаға салмақшымыз", - деді Наринэ Григорян. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған музыкалық фестивальге үлкен қызығушылық білдірген.

"Барлық музыканттар шараның облыс орталығына шалғай жерде өтетініне қарамастан, "Жезкиік" фестиваліне қатысуға зор қызығушылық танытты", - деді ұйымдастырушылар. 

Барлық ұжым үшін алдын ала фестиваль бағдарламасы құрылып, таратылған. Сонымен қатар, шараның өтетін жері туралы да ақпарат жіберілген. 

Барлығы фестивальге 11 музыкалық ұжым, 92 қатысушы келген. Олардың өнерін тамашалауға 6 мыңға жуық көрермен жиналады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытаудың тұрғындарымен қатар, Алматы және Астана қалаларынан қонақтар жиналады деп күтілуде. 

Фестиваль шығармашыл ұжымдардың кәсіби деңгейін көтеру және тәжірибе алмасу, фольклорлық және классикалық музыканың жаңа орындаушыларына қолдау көрсету, халық мәдениетін сақтау және дамыту, дарынды шеберлерді анықтау, жақын және алыс шетелдермен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

"Жезкиік" музыкалық фестивалінің ұйымдастырушылары барлық музыкалық ұжымдар алдын ала Қазақстанның мәдениетімен танысып, кейбірі тіпті қазақстандық әріптестерін өз елдеріне қонаққа шақырғанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: