Ұлттық экономика министрлігінде импортталатын өнімдер қаншалықты қымбаттағаны айтылды

12 қазан, 2018, 18:04 3043 Астана
Ұлттық экономика министрлігінде импортталатын өнімдер қаншалықты қымбаттағаны айтылды

Осы жылғы қаңтар-тамыз айларында экспортталатын тауарлардың бағасы – 13,3%, ал импортталатын тауарлардың бағасы 4,5%-ға жоғарылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2018 жылғы қаңтар-тамызда экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында экспортталатын тауарлардың бағасы – 13,3%, ал импортталатын тауарлардың бағасы 4,5%-ға жоғарылады.

"Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға – 19,8%, марганец кендеріне – 19,5%, мыс кендеріне – 17,6%, мысқа – 14,9%, табиғи газға – 13,6%, ферроқорытпаларға – 12,8%, темір кендеріне – 10,7%, қара металл прокатына – 10%, көмірге – 8,5%, алюминийге 8,2%-ға жоғарылады, мырышқа 11,1%-ға төмендеді. Бағаның арпаға – 14,8%, мақтаға – 6,5%, бидайға 6,1%-ға жоғарылауы, олардың жүнге 6%-ға төмендеуі тіркелді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі хабарлағандай, импортталатын өнімдерден жеміс және жаңғақтар – 58,7%, құс еті – 19,7%, балық – 12,3%, шай – 8,5%, қант 2,2%-ға қымбаттады, какао – 6,6%, маргарин – 3%, өсімдік майы – 2,3%, макарон өнімдері – 2,2%, кофе 1,5%-ға арзандады. Баға аяқкиімге – 25,2%, қағазға – 13,8%, пластмассаға – 8,8%, тоқыма бұйымдарына 7,6%-ға жоғарылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар