Ұлттық паралимпиада спортшылары жаңа жабдық алды

20 шілде, 2017, 09:15 706
Ұлттық паралимпиада спортшылары жаңа жабдық алды

Қазақстанның паралимпиада құрамасы Германияда өткен оқу-жаттығу жиындарынан Pyeongchang-2018 ойындарына жақсы дайындық өткізді. Олар жаңа технологиямен жасалған спорттық жабдық пен протез алып келді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Паралимпиада құрамасының атлеті Александра Колядинаның бір аяғына жаңғы жарыстарында қолданылатын жаңа, заманауи протез салынды.

«Маған жаңа протез жасады. Оны алған сәтте-ақ сынап көрдім. Қазір үйренісіп келе датырмын. Оны жарыста қолдану арқылы жеңіске жетемін деп ойлаймын. Жаңа технологияға үйренісуіме уақыт керек. Бірақ 100% басқару бар – маған өте ұнайды», - деді А. Колядина.

Айта кетейік, А.Колядинаның протезінен бөлек ҰПК демеушілердің қолдауымен құраманың басқа мүшелеріне де жаңа шаңғылар алды.

Оқу-жаттығу жиындарының келесі кезеңдері осы жылдың соңына дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #ҰПК #Ұлттық Паралимпиада комитеті

Читайте также

Похожие новости