Ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс – Назарбаев

Написать нам
09 қазан, 2018, 15:50 1681 Жамбыл облысы
Ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс – Назарбаев

Тараз қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекеттік хатшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында өткен іс-шараларға қатысушыларды құттықтағанда Елбасы сөзіне тоқталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Тараз қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында өткен іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға, сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Өзбекстан Әйелдер комитеті төрайымының орынбасары М.Нурматова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар мен қалың жұртшылық өкілдері қатысты.

Қатысушыларды құттықтаған Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, той жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс" деген сөзіне баса назар аударды.

Іс-шаралар аясында "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) Іскер әйелдер кеңесі және "Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) өкілдерінің Өзбекстаннан келген әріптестерімен кездесулері өтті. Сонымен бірге, Жамбыл облысы мен Өзбекстан арасындағы туристік қызмет көрсету саласын дамытудағы ынтымақтастық пен туризмді ұйымдастыру ісін жетілдіру жөнінде келісім жасалды.

Сапар барысында Мемлекеттік хатшы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдығына арналған іс-шараларға да қатысты. Университетте 685 профессор және оқытушы қызмет етеді, 12 мыңнан астам студент білім алуда, 14 оқу-зертхана кешендері, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 155 зертхана жұмыс істейді.

Гүлшара Әбдіқалықова оқытушылар мен студенттерді Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын белсенді жүзеге асыруға шақырды. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы салтанатты түрде "Университет шежіресі" монументін, заманауи спорт кешенін ашып, студенттерге арналған 500 орындық жатақхана құрылысының алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысты. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар