ЮНИСЕФ АИТВ-мен өмір сүретін балаларға қолдау көрсету бойынша тренинг өткізді

19 қараша, 2018, 16:11 1589 Қарағанды облысы
ЮНИСЕФ АИТВ-мен өмір сүретін балаларға қолдау көрсету бойынша тренинг өткізді

Аталған тренингті БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ЖИТС республикалық орталығымен бірлесіп өткізді.

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықпен бірге АИТВ-мен өмір сүретін балаларды және жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсететін мамандарды даярлау бойынша тренерлерге арналған тренинг өткізді, деп хабарлайды BNews.kz БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12-15 қараша аралығында Қарағандыда өткен тренингке Ұлыбританиядан келген халықаралық ЮНИСЕФ сарапшылары қатысты: Магда Конвей (Magda Conway) және Аманда Эли (Amanda Ely). Шара нәтижелері бойынша АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудің ұлттық стандарттары әзірленіп, бекітілді.

"Қазақстан АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және жастарға қолдау мен күтім көрсетуді дамытудың осындай озық, біртұтас әдістемесін қолданатыны өте қызықты. Оқу тобын және ұлттық стандарттарды әзірлеу осындай балалар мен олардың отбасылары үшін үздік нәтижелерді қамтамасыз етеді", - деп бөлісті халықаралық ЮНИСЕФ кеңесшісі Магда Конвей.

Оқыту аясында 20 ұлттық тренер даярлықтан өтті: Қазақстанның 6 облысындағы медициналық және бейүкіметтік ұйымдардың дәрігерлері, психологтары және әлеуметтік қызметкерлері. Тренерлер ЮНИСЕФ-тің үздік халықаралық тәжірибесін және заманауи стандарттарын пайдалана отырып, АИТВ-мен өмір сүретін балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мамандарды үздіксіз оқытуға қатысты елдегі қажеттілікті қанағаттандыруды қамтамасыз етті.

"АИТВ жұқпасы – өмір бойы бақылауды және емдеуді қарастыратын созылмалы сырқат. Осыған орай, ЖИТС орталықтарының мамандарын АИТВ-мен өмір сүретін балалармен жұмыс жасауға, АИТВ-мен өмір сүретін балаларды және олардың отбасыларын ұзақ уақыт бойы психоәлеуметтік сүйемелдеуге үйрету аса өзекті болып табылады. халықаралық сарапшылардың көмегімен Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін балаларды психоәлеуметтік сүйемелдеу жөнінде нұсқаулық және аталмыш мәселелер бойынша мамандар даярлау бойынша оқу модулі жасалып жатыр", - деп атап өтті ЖИТС РО клиникалық мәселелер жөніндегі маманы Гүлжахан Ахметова.

"Біз қазір АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мамандар үшін болашақ тренер болуы үшін кәсіпқой мамандарға және белсенділерге арналған тренер үшін ұйымдастырылған алғашқы тренингке қатысып жатырмыз. Алғаш рет кәсіпқой мамандар мен жергілікті ұйымдар бірігіп, созылмалы сырқатқа шалдыққан жасөспірімдерге қолдау көрсетпекші. Бұл – Еуропа және Орта Азия өңірлерінде оқыту шараларын жүргізудің үздік әдістемесі", - деді Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Аймақтық ЮНИСЕФ кеңсесінің АИТВ/ЖИТС және жасөспірімдердің денсаулығы мәселелері жөніндегі маманы Руслан Малюта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар