ҰПК мен Toyota елімізде паралимпиадалық бағытты дамытады - Жаңалықтар | BNews

ҰПК мен Toyota елімізде паралимпиадалық бағытты дамытады

06 қазан, 16:28 1868 Астана
ҰПК мен Toyota елімізде паралимпиадалық бағытты дамытады

Бүгін «Тойота Мотор Қазақстан» және ҚР Ұлттық паралампиадалық комитеті әріптестік туралы келісімге қол қойды.Toyota бренді Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың дамуына қолдау көрсетеді. Ең бастысы – паралимпиадашыларымызды жігерлендіріп, әлемдік додалардан жеңімпаз болуы үшін жағдай жасау.

Ынтымақтастық аясында компания Ұлттық паралаимпиадалық комитеттің қажеттіліктері үшін Toyota автокөліктерін беріп отырады. Toyota мен ҰПК 2018 жылы Пхёнчханда өтетін қысқы паралимпиада ойындарында, 2020 жылы Токиода өтетін жазғы паралимпиада ойындарында,  сондай-ақ 2024 жылға дейін басқа да халықаралық жарыстарда қазақстандық паралимпиаданың брендін таныстырады.

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс әрбір адам тең мүмкіндікте болатын қоғамның құрылуына үлес қояқысы келетінін айтты.

«Біз – Toyota әрбір адам тең құқылы, тең мүмкіндікпен өмір сүретін қоғам құрғымыз келеді. Біз мүмкіндікпен өз армандарының орындалғандарын қалаймыз. Қиын уақытта спорт үміт пен мақсат сыйлайды, бізге ешқашан бас тартпауға үйретеді. Спорт барлығымызды біріктіреді. Паралимпиадалық қозғалыстың спортшылары жігерлік мен нақтылықты дәлелдеп келеді. Паралимпиадалық спорт – стреотиптерді жойып, барлығымызды теңестіреді. Біздің ҰПК-мен серіктестігіміз жаңа жеңістер мен қоғамның дамуына зор үлес қосатынына кәміл сенемін», - деді басшы.

ҰПК президенті Қайрат Боранбаев қазақстандық спортты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Toyota ҰПК-мен бірге Қазақстанда паралимпиаданы дамытатындығына қуаныштымыз. Toyota компаниясының құндылығы паралимпиадалық құндылықтармен өте жақын – барлық адам үшін әлемді жақсарту. Сол үшін де спорт бар. Ол әртүрлі саланың басын қосып, барлығымызды тең қылады және бізге одан жа жақсы болуға көмектеседі. Бздің серіктестірімізге қолдауы үшін алғыс білдіреміз», - деді ҰПК президенті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!