"Ұстаз бақыты - шәкір құрметі"

Написать нам
23 қазан, 2018, 10:56 143 Қызылорда облысы

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде электронды есептеуіш машинасының операторы мамандығының №17-4 тобының ІІ курс студенттері ұстаздардың кәсіби төл мерекесіне арнап «Ұстаз бақыты – шәкірт құрметі» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Алдымен, колледж директоры Темірбек Исмайлов ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, бірқатарына Білім және ғылым министрі, облыстық білім басқармасы, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитеті, ҚР БҒМ «Өрлеу» АҚ филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және колледж әкімшілігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.

Тәрбие сағатын топтың белсенді студенттері Аружан Әлімбай мен Әйгерім Есенқұлова жүргізді. Кеш барысында студенттер өнер көрсетіп, ұстаздарға құрмет көрсетті. Топ шебері Айшолпан Нұрмаш, студенті Әлімбай Аружан «Ұстазым» әнін орындады. Бір топ студент өз шығармашылықтарынан ұстаздар қауымына арнап өлең-жыр оқыды. Жас ақындар Аян Иманалиев, Сүйеніш Кәренов ұлағатты мамандық иелеріне өлең шумақтарын арнады. Тәрбие сағаты соңында «Ұстазым» әні хормен шырқалды.

Шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арман Мұсаев қорытындылады. Топ жетекшісі Аяжан Ілиясова, топ шебері Айшолпан Нұрмаш тәрбие сағатының әсерлі әрі қызықты өтуіне үлес қосты

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!