Ұзынағашта 120-дан астам үйдің ауласын еріген қар суы басып қалды

26 ақпан, 2018, 16:05 1043
Ұзынағашта 120-дан астам үйдің ауласын еріген қар суы басып қалды

Оқиға орынында арнайы комиссия жұмыс жасауда.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 122 жеке үйдің ауласын еріген қар суы басты, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінде хабарлады. 

"Алдын-ала мәлімет бойынша 122 жеке тұрғын үй ауласына зақым келді. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия аудан әкімі Жандарбаек Далабевтың басшылығымен жұмыс жасауда. Сондай-ақ көмекке №28237 әскери бөлімшесінің әскери қызметкерлері жұмылдырылды. Қазір айналма канал салу жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті аудандық ТЖБ бас маманы Айбек Жанаев.

Мамандардың айтуынша, су басуға дренаж жүйесінің жоқтығы мен төбе етегіне үйлердің дұрыс салынбауы себеп болған.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы облысы #су тасқыны #әскер #төтенше жағдайлар департаменті

Читайте также

Похожие новости