Вагондар аударылғанда қаза тапқан бесінші сынып оқушысы 19 маусымда жерленеді

19 Июня, 2018, 09:58 1858
Вагондар аударылғанда қаза тапқан бесінші сынып оқушысы 19 маусымда жерленеді |  | BNews.kz

"Нұр Отан" партиясының Қарағанды облысындағы филиалы Григорий Малиневтің жерлеу рәсіміне жұмсалатын шығынды толығымен өтейді.

"Нұр Отан" партиясы 17 маусымда Жамбыл облысында жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан баланың туыстарына көңіл айтты. Көңіл айту хатын "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев 12 жасар Григорий Малиневтің туыстарына жолдады, деп хабарлайды BNews.kz партияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Григорий Малинев орта білім беретін жергілікті мектептің 5 "Б" сыныбында оқыған. Мұғалімдер оған белсенді оқушы ретінде мінездеме берді. Ол үнемі мектепаралық олимпиадаларға, сыныпта және сыныптан тыс өтетін іс-шараларға қатысқан. Барлығы оны мейірімді, көмек беруге әрдайым дайын және тиянақты бала ретінде есте сақтап қалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облысындағы филиалы Григорий Малиневтің жерлеу рәсімі мен қонақасына жұмсалатын шығынды толығымен өтейді. Сондай-ақ, қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмек көрсетіледі.

Григорий Малиневпен қоштасу 2018 жылдың 19 маусымында сағат 14:00-де Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданы Құшоқы кентінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 17 маусымда №9 "Астана НЖ – Алматы-1" бағдарындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны Сарышаған-Шу телімінің Жиделі-Бірілік қума жолында жолдан шығып, оның 3-еуі аударылып қалды.

Алматы-1 теміржол вокзалында рельстен шығып кеткен жүрдек пойызының жолаушыларына медициналық көмек көрсетілді. Вокзалдың медициналық пунктінде 10 жедел жәрдем көлігі кезекшілікте болды.

Кеше Шуда пойыз апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ арасында жасалған міндетті сақтандыру туралы келісімге сәйкес, зардап шеккендерге өтемақы төленеді.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости