Валюта нарығындағы жағдай тұрақталды – Ақышев

17 сәуір, 2018, 12:16 1765 Астана
Валюта нарығындағы жағдай тұрақталды – Ақышев

Валюта нарығындағы жағдай туралы Ұлттық банк басшысы айтып берді.

Ресей рублінің әлсіреуінен кейінгі валюта нарығындағы жағдай туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Сәуір айының басында ресей рублінің әлсіреуінен қор нарығы төмендеп,  теңгенің құбылмалы көрсеткіші байқалды. Дұрыс макроэкономикалық көрсеткіштердің  арқасында валюта нарығындағы жағдай тұрақталды.  Ресейдегі жағдайға қатысты құбылмалықты қысқа уақытты деп бағалаймыз", - деді Үкімет отырысында Ақышев.

Ол атап өткендей, ұлттық валютаның бағамын анықтайтын факторлар оң болды.

"Қаңтар-наурыз айларында теңге АҚШ долларына шаққанда 318,31-333,29 теңге мөлшерінде болды, ол жылдың басынан 4,2% -ға нығайып 318,31 теңге болды", - деп атап Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, Ресей БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Мәскеу биржаларында рублдің құлдырауы әлі де байқалуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар