Венгрия қазақстандық студенттер үшін гранттар санын ұлғайтпақ - Жаңалықтар | BNews

Венгрия қазақстандық студенттер үшін гранттар санын ұлғайтпақ

19 наурыз, 17:18 4524 Астана
Венгрия қазақстандық студенттер үшін гранттар санын ұлғайтпақ

Білім гранттары 50 квотаға дейін ұлғаяды.

Венгрия үкіметі қазақстандық студенттер үшін грантты стипендиялар санын көбейтпек. Бұл туралы Венгрияның Қазақстандағы елшісі Брани Андраш айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мен өте қуаныштымын, бірнеше апта бұрын 19 ақпанда Будапеште Венгрия ұсынатын стипендия санын 200-ден 250-ге ұлғайту туралы шешім қабылданды. Менің пайымдауымша, 2019-2020 оқу жылдары осы квоталар бойынша конкурс жарияланып, тағы қосымша 50 адамға ұлғаяды", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Брани Андраш.

Өз сөзінде елші 2018-2019 оқу жылы Венгрия шетелде оқығысы келетін қазақстандық студенттер үшін 200 грант бөлгенін айтты.

"Биылғы 200 стипендияға қатысты айтар болсақ, 90 шәкіртақы бакалавриат, 60 шәкітрақы магистратура, 30 шәкіртақы үзіліссіз оқу бағдарламаларына арналған. Ол - медициналық, заң және басқа мамандықтар. Тағы 20 шәкіртақы докторантура бағдарламасына бөлінген", - деп атап өтті Брани Андраш.

Оның айтуынша білім гранты ақысыз, бакалавр мен магистратура  үшін 130-150 еуро көлеміндегі, ал докторонтура үшін 450 еуроға жуық шәкіртақысы қарастырылған.

"Шәкіртақының мөлшері аса үлкен емес. Бакалавр мен магистратура  үшін шамамен 130-150 еуро көлемінде, ал докторонттардікі одан айтарлықтай көбірек. Бұл ақысыз оқу. Ал стипендия алмайтындар, ақылы түрде оқиды. Оның мөлшері айтарлықтай үлкен, әр жарты жыл сайын бірнеше мың еуродан", - деді елші.

Одан бөлек Венгрияда оқитын қазақстандық студенттерге жатақхана беріледі, ал егер студент пәтер жалдауды таңдаса белгілі мөлшерде өтемақы ұсынылады. Сондай-ақ, ақысыз медициналық сақтандыру мен Венгрияда тұруға рұқсатқұжат беріледі.

2013 жылдың 19 қарашасынан бастап, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның адам ресурстары министрлігі келісімінің аясында Қазақстан үкіметі жыл сайын 45 білім грантын бөледі.

Ұқсас жаңалықтар