Венгрия жоғары оқу орындары қазақстандық азаматтарға 250 білім беру грантын бөлді

30 қараша, 2018, 12:07 2487 Астана
Венгрия жоғары оқу орындары қазақстандық азаматтарға 250 білім беру грантын бөлді

Онлайн тіркелу 15 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылдың 19 қарашасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019–2020 оқу жылына арналған "Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BNews.kz bolashak.gov.kz-қа сілтеме жасап.

Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген: бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар), магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын  (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер), бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер), докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта). 

Грант келесі шығындарды қамтиды: тегін оқу; бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия - 130 еуро, докторантура - 450–580 еуро; жатақханада тұру (немесе айына 130 еуро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу); медициналық сақтандыру. Құжаттар онлайн және қолма-қол тапсырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар