Алматыдағы "U-38" университеттер альянсы Almaty study English project жобасын іске қосты - Жаңалықтар | BNews

Алматыдағы "U-38" университеттер альянсы Almaty study English project жобасын іске қосты

18 мамыр, 11:34 3137 Алматы
Алматыдағы

Аталған жоба аясында ағылшын тілін үйретуге арналған онлайн курстар әзірленді.

Алматыдағы "U-38" университеттер альянсы Almaty study English project жобасын іске қосты. Аталған жоба аясында "Жаппай ашық онлайн курстар" платформасында ағылшын тілін үйретуге арналған онлайн курстар әзірленді, деп хабарлайды BNews.kz.

"U 38" альянсы English клубының басшысы, жастар саясаты жөніндегі проректор Серёжкина Татьяна клубтың негізгі мақсаты барлық тіл үйренушілерді ағылшын тілін зерттеудегі шындыққа негізделген әлеуметтік тәжірибеге тарту екендігін атап өтті. Альянстың атқарылып жатқан жұмысының аталған бағыты Мемлекет басшысы қойған міндетті – еліміздің азаматтары арасында ағылшын тілін тез үйрену, үздік әлемдік жетістіктерге ашықтық пен оларды қабылдай білуді қалыптастыруды жүзеге асыруға бағытталған.

Осы бағытта атқарылатын жұмыстар барысында университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы бірлесе қызмет атқаратын болады. Олар "Жаппай ашық онлайн курстар" ұлттық платформасында оқытылатын ағылшын тіліндегі онлайн курстарды әзірлейді. Мұндай онлайн курстар English club-тарды, дебат турнирлерін ұйымдастыру мен өткізуге, қаланың студент жастары арасында интеллектуалдық ойындарды дамытуға қызығатын ЖОО студенттері, сондай-ақ ағылшын тілін үйрену алдағы уақытта қоғамға бейімделуде маңызды рөл атқаратын жетім балалар үшін арналып жасалады. Әр бағыттың қатысушылары өз нәтижелерін әлеуметтік желілерде, оның ішінде интерактивті режимде, сондай-ақ мерзімді басылым беттерінде бөліседі.

"Жаппай ашық онлайн курстар" платформасында ағылшын тіліндегі онлайн-курстарды әзірлеген, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, Кәсіби академиялық шет тілі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Перизат Елубаева әзірленген онлайн-курстардың пайдасы туралы айтып берді.

"Біз әзірлеген онлайн курстар кәсіби қарым-қатынас саласында коммуникация дағдыларын дамыту үшін ағылшын тілін өз бетімен оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл жоғары білімнің барлық мамандықтары үшін кәсіби бағдарлаудың оқу бағдарламаларын дайындауда мұғалімдерге үлкен көмек. Бұл импакт-факторлы журналдарға мақалалар жазу, іскерлік хат-хабарлар және іскерлік қарым-қатынас курстары туралы нұсқаулар", - деді Перизат Елубаева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары