Бүгін Қазақстанда жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді

13 тамыз, 2018, 09:14 2005
Бүгін Қазақстанда жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді

Еліміздің оңтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бүгін атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейеді - 15-20 м/с, найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.

Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде найзағай болады.

Қызылорда, Түркістан, кей жерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар