Қазақстан бюджетіне 2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге салық түседі – Сағынтаев - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан бюджетіне 2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге салық түседі – Сағынтаев

18 мамыр, 14:20 3319
Қазақстан бюджетіне 2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге салық түседі – Сағынтаев

Бұл түсімдер мемлекетте жүргізілген салық реформасына сәйкес мүмкін болады, деп атап өтті Премьер-министр.

2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге түсім түседі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев  АЭФ-2018 алаңында өтіп жатқан "Жаһандық өзгерістердің практикумы" тақырыбындағы пленарлық отырыста айтты, деп хабарлайды  BNews.kz тілшісі.

"Біз былтыр жаңа Салық кодексін қабылдадық. Ол биылғы жылдың басынан күшіне енді. Салық реформасы инвестициялық өсімнің көздерін іздеуге бағытталған. Осы өзгерістерге сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге салық түсімін алуды көздеп отырмыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-министр сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы туралы айтты.

"Әрине салалық бағдарламалардың маңызы зор. Әрбір жаңалық жұмысымызда белгілі бір өзгерістерді енгізуге әсер етеді. Белгілі бір түзетулер енгізіп, жаңа бағдарламалар қабылдаймыз. Заман талабына сәйкес, экономика цифрландырылу керек екенініне көзіміз жетіп отыр. Цифрлық экономика туралы айтқан кезде, бұл тек IT-құрамы ғана емес, бұл жалпы барлық экономика екенін айта кетуіміз керек. Сондықтан өткен жылдың соңында "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы қабылданды. Осы жаңашылдықтарға сәйкес біз бейімделе білуіміз керек", - деді Үкімет басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары