Винокуров Бельгия сотында жемқорлық ісіне қатысты жауап береді - Жаңалықтар | BNews

Винокуров Бельгия сотында жемқорлық ісіне қатысты жауап береді

14 наурыз, 2018, 11:13 1185
Винокуров Бельгия сотында жемқорлық ісіне қатысты жауап береді

Былтыр желтоқсан айында спортшыға "келісіп жарысқа түсті" деген айып тағылған еді.

13 наурызда қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев бельгиялық Льеж қаласының қылмыстық сотында жауап берді, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке cілтеме жасап.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында спортшыларға келісіп жарысқа түсті деген айып тағылған еді. Қылмыстық істі қозғауға басты себеп - Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен. Екі шабандоз да мұны жоққа шығарып отыр. Егер сот Винокуров пен Колобневті кінәлі деп тапқан жағдайда, олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді.

Бұл жолы сот отырысында Колобнев пен Винокуров отырысты басқа күнге ауыстыруды сұрады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 19 маусымда өтетін болды.

"Бұл жерде талқылайтын ештеңе де жоқ. Бельгияда сот тыңдалымы тағайындалды. Бұл мәліметті бельгиялық сот таратқан да шығар. Сол себепті де Қазақстанда дау-дамай болатындай ештеңе көріп тұрғаным жоқ (...)", - деген еді осыған дейін Винокуров.

Айта кетейік, Александр Винокуров мансап жолын 2012 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта ол "Астана" велокомандасының бас менеджері. Ал Александр Колобнев 2017 жылы қаңтарда спорттық мансабын аяқтағаны туралы жариялаған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар