Зейнеткерлер еgov.kz арқылы ХҚКО-на жүгіну қажеттілігін тексере алады

Написать нам
25 қазан, 2018, 19:36 3003
Зейнеткерлер еgov.kz арқылы ХҚКО-на жүгіну қажеттілігін тексере алады

Биылғы жылдың 1-қарашасынан бастап "Электрондық үкімет" порталына  кіру мүмкін болады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік коғамымен және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп "Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқық туралы ақпарат" электрондық сервисін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызмете сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 1-қарашасында электрондық сервиске "Электрондық үкімет" порталына (еgov.kz) кіруге мүмкін болады.

Зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі) туралы құқықтық ақпарат ала алады.

Азаматтарда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқығы болған жағдайда олар үшін жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына (тұрғылықты жері бойынша) барып, өтініш беру қажеттігі туралы ақпарат шығарылады.

Егер азамат бұдан бұрын осы төлемді алуға жүгінбеген болса немесе осы төлемді алуға құқығы болмаса, ол туралы ақпаратты осы электрондық сервистен алуға болады.

Тек зейнеткерлікке шыққандарға мемлекеттік кепілдік автоматты түрде, азаматтардың өтінішінсіз, белсенді форматта қаралады

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар