Жәбірленушілерге өтемақы қорына 250 млн теңгеден астам қаражат түсті

28 қараша, 2018, 13:09 1610 Астана
Жәбірленушілерге өтемақы қорына 250 млн теңгеден астам қаражат түсті

Қор жәбірленушілерге қажетті материалдық көмекті тезірек көрсету мақсатында құрылған.

2018 жылдың 1 шілдесінде Қылмыстық кодекстің 98-1 және 98-2-баптары, сондай-ақ Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру тәртібін реттейтін "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" ҚР Заңының жекелеген нормалары қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды BNews.kz Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап

Осы уақытта республика бойынша сотталғандардан Қорға 250 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

"Қор жәбірленушілерге қажетті материалдық көмекті тезірек көрсету мақсатында құрылғанын еске сала кеткен жөн. Ол сот айыптау үкімін шығарған кезде кінәлі адамдардан өндіретін мәжбүрлі төлемдердің есебінен қалыптастырылады", - деп түсіндірдірді Бас прокуратурада.

Өндіру сомасы қылмыстың ауырлығына қарай 5 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін құрайды.

Бұдан басқа, Қорды процестік бұзушылық үшін сот салған өндірудің, сондай-ақ түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындайтын сотталғандардан ұсталатын сомалардың есебінен толықтыру көзделген.

Заңда қаражатты жинақтаудың екі жылдық кезеңі көрсетілген. Өтемақыларды төлеу 2020 жылдың 1 шілдесінен басталады.

"Жыныстық зорлық-зомбылықтың кәмелетке толмаған құрбандары, адам саудасының және азаптаулардың құрбандары, қылмыстың салдарынан денсаулығына ауыр зиян келтірілген адамдар, соның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда заңды өкілдері алу мүмкіндігіне ие болады", - делінген хабарламада.

Қаражат оны алушыға қатысты жасалған құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде біржолғы төлем түрінде төленетін болады.

Бұл ретте зардап шегуші кінәлі адамнан толық залалды одан әрі өндіру мүмкіндігінен айырылмайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар