Жайлы қала кеңістігін құру үшін Алматы әкімдігі не жасап жатыр

22 қазан, 2018, 15:38 1677 Алматы
Жайлы қала кеңістігін құру үшін Алматы әкімдігі не жасап жатыр

Қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тарихи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланы абаттандыру бойынша бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мегаполис басшысы бұрын Желтоқсан көшесін аралаған кезде "Тәуелсіздік таңы" монументі жанына шағын қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырған еді. Егер бұрын көлік қозғалысы бөлігі ескерткішпен түйісіп тұрса, енді шағын жерге кеспе тас төселіп, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді әрі жасыл шөп отырғызылды.

Өз кезегінде Абай даңғылының бірқатар бөлігіне, соның ішінде Лермонтов атындағы орыс драма театрының алдына гранитті тротуар плиткасы төселді, және жасыл желек көлемі артты. Театрға кіре беріс жердегі ұзақ уақыт бойына бос тұрған су бұрқақ іске қосылды.

Қаланы модернизациялау барысында Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі арасындағы бұрынғы резервуардың орнына жаңа фонтан пайда болды.

Кедергісіз кеңістікті ұлғайту үшін пандустардың саны көбейді. Мысалы, Спорт пен туризм академиясы алдындағы жаңа фонтанға қиналмай түсуге болады. Көлік қозғалысы бөлігіне жақын орналасқан бекеттер қауіпсіздік үшін ауыстырылды, жолаушы ағыны көп жерлерге қосымша бекеттер жасалады.

Қаланы аралаған Бауыржан Байбек кәсіпкерлермен жүздесті, қайта жасалған даңғылдарда орналасқан сауда объектілерін көрді.

Абылай хан даңғылындағы "Лакомка" кондитер дүкенінің сатушысы жөндеу жұмыстарынан соң және ұзақ уақыт бойына бос тұрған фонтанның іске қосылуы барысында келуішілердің едәуір көбейгенін айтты.

"Сатып алушылар жиі келе бастады, тіпті сендер жаңадан ашылдыңдар ма деп сұрайды. Ал біз мұнда көптен бері жұмыс жасаймыз. Айнала таза, бәріміз ризамыз", - деп күлімсіреді ол.

Бір ай бұрын ғана жаңарған "Алматы Кітап" дүкенінің сатушысы Наталья Кох Абай даңғылын реконструкциялау арқасында кітапқа деген қызығушылықтың артқанын жеткізді.

"Сіздер сыртты жаңаласаңыздар, біз ішті әрлеудеміз. Оның барлығы оң нәтиже беруде. Жаңарған жерлерде серуендеушілер саны артты, кітап витринасына көз салып, келушілер де көбейді", - деді Наталья Кох.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде жаңарған даңғылдарға ағаш отырғызу, заманауи көше жиһаздарын қою басталды. Көше мен тротуарлардың жарық көздері модернизациялануда. Алынған бағаналар қалаға қосылған елді мекендерге орнатылуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауындағы құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу міндеттері бойынша бөлігінде атап өткендей, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Мемлекет басшысы коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеп, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігін атап өткен еді.

Бұлардан өзге, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тарихи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды.

Жыл аяғына дейін қаланың жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар