Жақын болашақта Қазақстан толығымен отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз етіледі  – Бозымбаев

21 мамыр, 2018, 11:53 2187
Жақын болашақта Қазақстан толығымен отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз етіледі  – Бозымбаев

Қазіргі таңда Қазақстан отандық жанармай және дизельді отынмен 90%, әуекеросинмен  58% қамтамасыз етіліп отыр, деп атап өтті Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Қазақстандағы жанар-жағармай өндіру жағдайы туралы, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мұнай өнімдері нарығы бүгінде сапалы өзгерістер жағына ауысуда. Біз Қазақстан мұнай өнімдері нарығында транзиттік уақытта тұрмыз. Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының жаңғырту жұмыстары аяқталып, қозғалтқыш отындарына қатысты импорттық тауарларға деген тәуелділік төмендеді. Бүгінде отандық мұнай өнімдері бойынша жағармай 90 пайызға, дизельді отын 90 пайызға,  әуекеросин  58 пайызға қамтамасыз етіліп отыр", - деді Қанат Бозымбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Ол сондай-ақ биыл Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жұмыстары аяқталатынын еске салып, 2018 жылы жалпы мұнай өңдеу көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға ұлғайғанын айтты.

"Жалпы нарықтағы және жанармай қоймаларындағы қордың мөлшері туралы ақпарат тәулік сайын жаңартылып отырады. Жыл басынан бастап, Кедендік Одақтың техтәртібі күшіне енді. Онда К-4, К-5 стандарттарына сәйкес келмейтін отынды шығаруға тыйым салынады.  Бұл экологиялық  аспект", - деді Бозымбаев.

Министр осыған дейін мұнай өңдеу зауыттары жылына бір рет 30-45 күнге жабылса, енді бұдан былай жөндеу жұмыстарының автоматтандырылған түрі енгізілетінін айтты. Осылайша жөндеу жұмыстары 45 күннен 20 күнге дейін қысқарады.

"Бұл мұнай өндіру мөлшерін жылына орта есеппен 300 тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік береді. Жақын болашақта біздің нарық отандық өніммен толық қамтамасыз етілетін болады", - деді Бозымбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Қанат Бозымбаев #жанармай #Мәжіліс #Үкімет

Читайте также

Похожие новости