Жақсыбеков "Цесна корпорациясы" Директорлар кеңесінің басшысы болып тағайындалды

10 қыркүйек, 2018, 20:10 2407 Астана
Жақсыбеков

Әділбек Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Әділбек Жақсыбеков "Цесна корпорациясы" Директорлар кеңесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz

"Цесна" корпорациясы" АҚ 2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы "Цесна" корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайланды", - делінген корпорацияның хабарламасында.

Еске сала кетейік, Әділбек Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Әділбек Жақсыбеков 2016 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. Ол 2014 жылдың 22 қазанында Астана әкімі болып тағайындалған, түрлі жылдарда мемлекеттік хатшы, ҚР Қорғаныс министрі, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшісі қызметін атқарған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне Астана қаласының бұрынғы әкімі Әсет Исекешев тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар