Жақсылық тез ұмытылады – Назарбаев әлеуметтік төлем туралы - Жаңалықтар | BNews

Жақсылық тез ұмытылады – Назарбаев әлеуметтік төлем туралы

05 наурыз, 13:39 1678 Астана
Жақсылық тез ұмытылады – Назарбаев әлеуметтік төлем туралы

Болашаққа сенімді қазақстандықтар еліміздің көркеюіне негіз болады, деді Мемлекет басшысы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік төлемдердің Қазақстанда кезекті рет артуына пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Әлеуметтік жаңа бастамалар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының алдағы уақытта жақсаруына бағытталған. Ұсынылатынның барлығы, әдеттегідей, бағдарлама аясында есептелгенін бірден айтқым келеді. Бұл халықтың игілігіне арналған оңтайлы әрі оптимистік бағдарлама. Көркейіп келе жатқан Қазақстан бұл, ең алдымен, мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығын, қорғанышын сезініп, өздері де сондай жауап бере алатын отансүйгіш, батыл адамдар екеніне сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Елбасы мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін үнемі орындайтынын атап өтті.

"2018 жылы жаңартылған мазмұнда білім беруге көшкен мұғалімдерге қызметтік еңбекақысы 30%-ға өседі. Бұл мұндай мұғалімдердің 68%-ын құрайды. Біліктілікті тексеру тестілеуінен өткен соң қосымша тағы да 50%-ға артатын болады. Екіншіден, бюджеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу білім беру саласында жалақыны – 29%-ға, денсаулық сақтау саласында – 28%-ға, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлеріне – 40%-ға, шәкіртақыны 25%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бұл естеріңізде деп үміттенемін, бірақ үнемі жақсылық тез ұмытылады. Базалық зейнетақыны өсіру мен индекстеудің арқасында 2018 жылдың шілде айынан бастап зейнетақының орташа көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 37%-ға артады. Бұл шешілген мәселелер. Былтыр әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақылары 25%-ға артқан. Біз мұны жасадық, бұған экономикамыз мүмкіндік берді", - деді Президент.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр. Жиынды ашқан Президент наурыз айындағы мерекелер туралы айтып өтіп, Алғыс күніне ерекше тоқталды.

2 наурызда Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Ұқсас жаңалықтар