Жамбыл облысы ауылдарының біріне су жайылу қаупі төніп тұр - Жаңалықтар | BNews

Жамбыл облысы ауылдарының біріне су жайылу қаупі төніп тұр

01 наурыз, 12:28 1646 Жамбыл облысы
Жамбыл облысы ауылдарының біріне су жайылу қаупі төніп тұр

Ауыл маңында ұзындығы 20 метрлік бөгет салынып, 100 мөшек топырақ төселді.

Жамбыл облысының Құмарық ауылында еріген қар суының әсерінен, аумақта су жайылу қаупі бар, деп хабарлады ауданның ТЖД-і.

"Қардың еруі салдарынан ауыл басындағы шұқырда су жиналып қалған. Қар суының көлемі тағы ұлғайған күнде ауылға су жайылу қаупі төніп тұр. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен (15 адам, 4 бірлік техника) ұзындығы 20 метрлік бөгет салынды, оның ұзындығы 1 м және ені 1,5 м, сондай-ақ 100 мөшек топырақ төселді", - делінген таратылған хабарламада.

Құмарық ауылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында орналасқан. Ауылда 380 үйге қоныстанған 2200 адам тұрады.

Ұқсас жаңалықтар