Жамбыл облысында "7-20-25" аясында 1200 отбасы баспаналы болмақ

26 шілде, 2018, 10:32 3264 Жамбыл облысы
Жамбыл облысында

Қазіргі таңда өңірде бағдарламасы аясында екінші деңгейдегі банктерге 3 өтініш келіп түсіп, 18,3 миллион теңгеге 2 өтініш мақұлданды.

Жамбыл облысында "7-20-25" бағдарламасы аясында 1200 отбасы баспаналы болмақ. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерге 3 өтініш келіп түсіп, 18,3 миллион теңгеге 2 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірде он бесінші мөлтек ауданда - 800, Арай массивінде - 232 және жеке құрылыс компаниялары тұрғызған 166 көп пәтерлі үйлер ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша беріледі. Баспанаға жол ашатын бастама халыққа 7 пайыз мөлшерлеме бойынша кредиттелетін тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады.

Мәселен, 25 миллион теңгелік пәтердің, алғашқы 5 миллионы екінші деңгейлі банктерге құйылуы тиіс. Қалған 20 миллион қаражатты сатып алушы 25 жылға бөліп төлейтін болады. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғарғы шегі 25 миллионды құраса, өзге өңірлер үшін 15 миллион теңге деп белгіленді. Бағдарламаға алғашқы жарнасын құйып, баспанасы жоқ ер азамат қатысуына болады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" РММ ЖОФ директорының орынбасары Нұрлан Берікбосынов аталған бағдарлама сәйкес, азаматтардың Қазақстанның өзге қалаларынан да пәтер алуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

"Барлығы қатыса алады, мәселен, тараздықтар басқа қаладан да ала алады. Ең бастысы, бастапқы жарна – 20 пайыз қаржы болса болғаны", - деді Нұрлан Берікбосынов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар