Жамбыл облысында апатқа ұшыраған пойызда зардап шеккен жолаушылар есімі белгілі болды

18 Июня, 2018, 10:52 1898
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған пойызда зардап шеккен жолаушылар есімі белгілі болды |  | BNews.kz

Төтенше оқиға кезінде 12 жасар жасөспірім бала қайтыс болды. Медициналық көмеккке 14 адам жүгінді.

Шуда апатқа ұшыраған пойызда қайтыс болған және зардап шеккен жолаушылардың есімдері белгілі болды. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2006 жылы туылған жасөспірім бала қайтыс болды, 14 адамға медициналық көмек көрсетілді. Бір адам аурауханаға жатқызылды, оның жағдайы бірқалыпты. Тағы  13 адам алғашқы медицианалық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды, деп хабарлады Zakon.kz.

Басқармада Малинев Григорий Александрович (2006 жылғы, Шу қаласы) қайтыс болғанын хабарлады.

Зардап шеккендер:

Исламғали Ақерке Бақытовна;

Самат Сұлтанәлі;

Өміржанова Айгерім Құрманғазиевна ;

Дәуітов Әлішер Кенжеболатұлы;

Байжанов Әліби Махамбетиярович;

Аубакиров Дидар Ахатұлы;

Талғат Кәмшат;

Кәрімова Айгүл;

Сексенбаев Уалихан Молдағулович;

Воронцова Алина Юрьевна;

Воронцова Ева Валентиновна;

Севдеева Наталья Дмитриевна;

Севдеева Софья Дмитриевна;

Бозлақов Алмат Жомартович.

Естеріңізге сала кетейік, 17 маусымда сағат 13.25-те Жамбыл облысының Шу ауданында, "Шығанақ-Шу" аралығының 1500 шақырымында "Астана-Алматы"  бағытындағы № 9 жолаушылар пойызының 6 вагоны рельстен шығып, оның 3-еуі аударылып қалды.

Алматы-1 теміржол вокзалында рельстен шығып кеткен жүрдек пойызының жолаушыларына медициналық көмек көрсетілді. Вокзалдың медициналық пунктінде 10 жедел жәрдем көлігі кезекшілікте болды.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости