Жамбыл облысында дабылды ескерту жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Жамбыл облысында дабылды ескерту жарияланды

26 ақпан, 12:43 683 Жамбыл облысы
Жамбыл облысында дабылды ескерту жарияланды

Жамбыл облысында қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"27-28 ақпан күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. 27 ақпанда таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел жылдамдығы 30 м/с жетіп, одан да асуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты кей өңірлерде тұман, көктайғақ пен бұрқасынды ауа райы болжанып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары