Жамбыл облысында мектеп асханалары тексеріліп жатыр

16 Января, 2019, 10:13 2003
Жамбыл облысында мектеп асханалары тексеріліп жатыр |  | BNews.kz

Онда тамақтың сапасына, күнделікті ас мәзіріне, асхананың санитарлық жағдайына зер салынуда.

"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының "Мектеп асханалары" жобасы аясында ведомствоаралық сарапшы топ облыс мектептерінде мониторинг жұмыстарын бастады, деп хабарлады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Зерделеу жұмыстарына партия облыстық филиалы, білім басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, ведомствоаралық сарапшы топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту. Сарапшы топ облыс бойынша Тараз қаласындағы бірқатар мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Жоба аясында топ мүшелері балаларға әзірленген тамақтың сапасына, күнделікті ас мәзіріне, асхананың санитарлық жағдайына, буфеттердің талаптарға сай болуына зер салды.

Айта кетейік, зерделеу жұмыстары іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айына дейін жалғасады.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости