Жамбыл облысында өртенген "Нұр Отан" ғимаратынан сегіз адам эвакуацияланды

27 сәуір, 2018, 13:13 3657
Жамбыл облысында өртенген

Өрт сымның қысқа тұйықталу салдарынан шыққан.

Шу ауданындағы  "Нұр Отан" партиясы филиалының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды BNews.kz. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте, ғимарат ішінен қою түтін шығып, өрт тез таралып жатты.

Жамбыл облысы ТЖД-нің мәліметінше өрт аумағы 36 шармы метрді құрады.

"Шу аудандық мәслихатының бірінші қабаттағы кеңсесінде өрт шықты. Жиһаз бен кеңсе техникасы отқа оранды. Қызыл жалынның жалпы аумағы 36 шаршы метрді құрап, 8 адам эвакуацияланды", - деп хабарлады департаментте.  

Құтқарушылар кезекшілік пультке өрт туралы ақпарат 26 сәуірде сағат 16.50-де түскенін айтты. Өрт толығымен сағат 17.13-те ауыздықталды. Өрт сөндіруге 11 адам мен үш бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Департаментте атап өткендей, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Жамбыл облысы #өрт #Нұр Отан

Читайте также

Похожие новости