Жамбыл облысында жеміс-жидек агропарктері құрылады

14 Июля, 2017, 11:45 1031
Жамбыл облысында жеміс-жидек агропарктері құрылады |  | BNews.kz

Жамбыл облысының әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Вnews.kz аймақ басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары осы аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Осы бағытта Жамбыл облысының әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бау-бақша шаруашылығын дамыту жоғары мультипликативтік нәтижеге ие. Бұл – контейнер жасау, қаптау, техниканы құрастыру, тамшылатып суару және т.б. өндірістер бойынша жобаларды құруға мүмкіндік береді.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости