Жаңа емле ережелері сынамасы Қарағандыда жалғасты - Жаңалықтар | BNews

Жаңа емле ережелері сынамасы Қарағандыда жалғасты

27 шілде, 17:33 3063 Қарағанды облысы
Жаңа емле ережелері сынамасы Қарағандыда жалғасты

Сынамаға Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларындағы барлық басқармалар, департаменттер, әкімдіктер қызметкерлері, оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ЖОО студенттері қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси  жұмыс комитеті, Шайсұлтан  Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Республикамыздың өңірлерінде латын графикасына негізделген  жаңа емле ережелері  жобасын  сынамадан өткізу жұмыстарын  жалғастыруда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде  Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына"  ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры  Ербол Тлешов, директордың орынбасары  Лиза Есбосынова, Әдістемелік бөлімнің басшысы Сабира Сапина және аталған орталықтың  мамандары сынақ сауалнама жүргізілді.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен ғана емес, адамдарының бәсекелік қабілеттілігімен айқындалады" деп атап көрсетті. Бүгінгі таңда үш тілді білу – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Мұның негізгі  мақсаты бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Сондықтан, дәстүрлі байқаудың түпкі мәнін түсініп, жоғары жауапкершілікпен қарауларыңыз қажет.- деді Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына"  ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тлешов.

Сынамаға Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларындағы барлық басқармалар, департаменттер, әкімдіктер қызметкерлері, оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ЖОО студенттері қатысты. Сынаққа жалпы саны 250-ге жуық адам қатысты, оның ішінде жартысынан көбі басқармалардың  қызметкерлері.

"Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс аумағындағы құзырлы орган ретінде бүгінгі сынама нәтежелерінен туындайтын ұсыныс-пікірлерді жинақтап, Тіл- Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жолдайтын болады. Жоғары оқу орындарының ғалымдары тарапынан берілген ұсыныстар Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясының соңғы нұсқасын әзірлеу барысында ескеріледі деп сенеміз. Жалпы, әліпби ауыстырудың үш деңгейі бар екен: бірінші –  әліпби деңгейі, екінші – таң­ба деңгейі, үшінші – емле-ереже дең­гейі. Жазу –  ұлттың тарихы, ұлт мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне әсер ететінін ескерсек, жаңа әліпбидің емле ережелері жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді деген үміт бар. Оның айқын дәлелі бүгінгі латын графикасына негізделген  жаңа емле ережелері  жобасын  сынамадан өткізу" - деді Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова 

Сынаққа қатысқан қауым жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық танытып, өзара пікір алмасып, қызу талқылады.

Еске сала кетейік, қазақ тілінің латын графикасындағы емле ережесін апробациялау басталғаны туралы осыған дейін айтқан едік. 

Оқушылар тестілеуден өтіп,  лингвист ғалымдарға жаңа әліпбидің орфографиялық мәселелерін анықтауға көмектесті.

Қазақстанның барлық өңірлерінен жазғы демалыстарын "Балдәурен" оқу – сауықтыру орталығына өткізуге келген 300-ге жуық оқушы латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа емле ережесінің пилоттық жобасын апробациялауға қатысқан еді. Оқушылар тестілеуден өтіп,  лингвист ғалымдарға жаңа әліпбидің орфографиялық мәселелерін анықтауға көмектесті. Тапсырмалар жинағы алты парақтан тұрады. Басында сауалнамалық мәліметтерді толтыру қажет.  Жинақтың бірінші тапсырмасы оқушыға оның пікірі бойынша қазақ сөздерін латын қаріпіндегі ыңғайлы және дұрыс нұсқасын  таңдауды, сондай-ақ ұсынылған "дұрыс" және "икемді" деген сөздерді екі  нұсқада жазуды  ұсынады. Сондай-ақ оқушылар  өздеріне ұнаған нұсқадағы сөздерді және  оларды латын қаріпінде де,  кирилицада да жаза алады. Жинақтың соңғы парағы оқушылар өздерінің ескертулерін  жазу үшін қалдырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: