Жаңа нұсқа көңілге қонады – "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігі - Жаңалықтар | BNews

Жаңа нұсқа көңілге қонады – "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігі

26 ақпан, 10:35 1644 Атырау облысы
Жаңа нұсқа көңілге қонады  –

Елбасымыз тарихи құжат – "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім өте маңызды қадам.

Бұған дейін екі нұсқа халықтың кең талқылауынан өтті. Диграф пен апострафтар арқылы өзіміздің төл әріптерімізді жазу мәселесі жан-жақты талқыланды. 

"Жаңа нұсқа көңілге қонады. Әрі қолдануға да, компьютер тіліне де ыңғайлы. Мұны біздің ғалымдарымыз ұсынып отыр. Бұл арқылы ұлттық ерекшеліктерімізге өте қолайлы да жақын төл әліпбиіміз қалыптасады деген сенімдеміз. Әлем халқының 80 пайызы латын қарпін пайдаланады. Сондықтан бұл қадам түркі дүниесін бізбен жақындастырады. Жаңадан бекітіліп отырған нұсқа техникалық тұрғыдан оңтайлы, заман талабына сай нұсқа, шығынды аз талап етеді", - деді халықаралық "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Әбілхан Төлеуішов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары