Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте дүниеге келді - Жаңалықтар | BNews

Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте дүниеге келді

03 қаңтар, 16:09 2051 Астана
Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте дүниеге келді

Жаңа жылдың алғашқы күні Астана халқының саны 57 адамға көбейді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Қаланың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келді.

Ал, осыған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа жыл түні елордамен салыстырғанда, 243 сәби артығымен, яғни жалпы саны 300 бала өмірге келді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқарамасының мәліметінше, жаңа жыл түні елордада 9 адам пиротехникадан зардап шекті.

Қаланың травмотологиялық пунктеріне 320 адам жүгінді. Бұған қоса қаңтардың 1 мен 3 аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы 1561 шақыртуға қызмет көрсетті.

Айта кетейік, жаңа жыл түні Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам техника жұмылдырылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары