Жаңа жыл түнінде елордада оқыс оқиға тіркелген жоқ - Жаңалықтар | BNews

Жаңа жыл түнінде елордада оқыс оқиға тіркелген жоқ

01 қаңтар, 16:01 1329 Астана
Жаңа жыл түнінде елордада оқыс оқиға тіркелген жоқ

Алайда ұсақ құқық бұзушылықтар болған, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

50 ұсақ құқық бұзушылықтың 16-сы қоғамдық орындарда жасалған. Тәртіп сақшылары ізін суытпай 14 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің мамандары хабарлап отыр.

Сондай-ақ, жолда 23 көлік апаты орын алды. Салдарынан тек 2 адам зардап шекті. Абырой болғанда, қалғандары дін аман.

Айта кетейік, мереке кезінде 2 мыңға жуық полиция мен Ұлттық ұлан әскерилері жұмылдырылды.

Астана қаласының ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова қала тұрғындары мен қонақтарын жеке мүліктеріне сақ болуға шақырды.

«Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде айтарлықтай қылмысқа жол берілмеген. Қала қонақтары мен қала тұрғындарына айтарым, жеке мүліктеріне сақ болып, әсіресе адам көп шоғырланатын жерлерде, ірі ойын-сауық орталықтарында, базарларда және қоғамдық көліктерде сақ болған жөн», - деді Софья Қылышбекова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар