Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 618 сәби туылды

3 Января, 2019, 19:51 3954
Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 618 сәби туылды |  | BNews.kz

Дүниеге келген сәбилер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда өткен жылдың соңғы күнінде 106 нәресте туылды.

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда 618 сәби туылды. Мұндай ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Бисарина өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Дүниеге келген сәбилер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда өткен жылдың соңғы күнінде 106 нәресте туылды. Содан кейін Алматы облысында 66 бала дүниеге келсе, Жамбыл облысында – 57. Астанада – 51 сәби, Атырау облысында – 46, ал Қарағанды облысында – 44 сәби", - деп жазды Гаухар Бисарина.

Айта кетейік, 2017 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанда 768 бала дүние есігін ашқан.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13935

Похожие новости