Жаңа жылда көкөністің бағасы қанша болатынын қала әкімшілігі айтып берді

20 желтоқсан, 2017, 18:04 2039
Жаңа жылда көкөністің бағасы қанша болатынын қала әкімшілігі айтып берді

Астана әкімдігі жаңа жыл мерекесі қарсаңында бағаны реттеп тұру үшін қызанақ пен қияр сатып алды, деп хабарлайды  BNews.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Астананың коммуналдық базарларында қызанақ пен қиярдың бағасы 550 теңгеден асырылмайды

Көкөністер «Шапағат» коммуналдық базарында сатылады, онда кәсіпкерлер сауда барысында 10% - дан артық қоспауды міндетіне алады. 


«Осылайша қызанақтың келісі 500 теңгеден аспайтын болса, қиярдың бағасы 550 теңге көлемінен аспайды, бұл аталған көкөністің тапшылығын азайтып әрі қарай бағасының өсіп кетпеуінің алдын алады», - деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #көкөніс #сауда-саттық #Астана әкімдігі

Читайте также

Похожие новости