Жаңа жылдан бастап 190 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі

29 қараша, 2018, 12:06 1616 Астана
Жаңа жылдан бастап 190 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі

Жалақының көтерілуі денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан, еңбекақысы аз жұмысшыларға қатысты болмақ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында барлық мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекақысы аз лауазым санаттарының 191 мың жұмысшылардың жалақысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтереді (17 мың азаматтық қызметшілерге жататын мемлекеттік ұйымдардың және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшылары және 174 мың шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік ұйымдардың жұмысшылары), деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысшыларына жалақыны көтеруге арналған шығыстарға қажеттілік (еңбекақысы аз лауазым санаттары) – 27,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 25,8 млрд теңге "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шарттар аясында медициналық қызметтердің барлық түрлеріне белгіленген бірыңғай тарифтер бойынша қаржыландырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар бойынша", - деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны көтеруге қаржыландыру "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы медициналық қызметтердің барлық түрлеріне арналған тарифтерді ұлғайту арқылы көзделген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық қызметтерге арналған бекітілген тарифтердің негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ медициналық ұйымдармен 2019 жылға денсаулық сақтау саласының еңбекақысы аз жұмысшылар санаттарының жалақысын көтеруге шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді міндетті түрде қоса отырып, келісімдер жасалатын болады.

Еңбекақысы аз лауазым санаттарына жалақыны төлеу мониторингісі "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізетін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар