Жаңа жылдан бастап "Қорғас" кеден бекеті арқылы алып өтетін қол жүгінің салмағы екі есе қысқарады

13 қараша, 2018, 18:20 1680 Алматы облысы
Жаңа жылдан бастап

Осыған дейін алып өтетін жүк салмағы 50 кг-нан аспауы тиіс еді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 1 қаңтардан бастап кеденнен алып өтетін қол жүгінің салмағы 50 келіден 25 келіге дейін қысқарады, деп хабарлайды  BNews.kz almaty.tv-ға сілтеме жасап.

"Қорғас" кеден бекетінен күніне орташа есеппен, 40 тоннадан астам қол жүгі өтеді екен. Ал қалыпты көрсеткіштен көбейіп кеткен қол қапшықтағы бір келі зат үшін 4 еуроға шақталып төленеді. Бекеттегі бақылауды берік етудің арқасында мемлекетке тек қол жүгінен күніне 1 миллион теңгеге шамасында түсім түсіп тұр.  

Тауарды тегін алып өту салмағы тағы да төмендейтіндіктен, кедендік  кіріс  көлемі көбеюі мүмкін дейді бекеттегі бақылаушылар.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар